Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Шілдеден бастап базалық зейнетақыны есептеудің жаңа жүйесі енгізілмек

AstanaTV
04.06.2018ж. 20:00
2293
Шілдеден бастап базалық зейнетақыны есептеудің жаңа жүйесі енгізілмек

Зейнеткерлер 15-ші маусымда қанша зейнетақы алатынын біле алады. Өйткені шілдеден бастап базалық зейнетақыны есептеудің жаңа жүйесі енгізіледі. Оған республикалық бюджеттен 530 миллиард теңге бөлінген. Бұл туралы Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді. Оның сөзінше, еңбек өтілі 10 жылға жетпеген зейнеткерлер базалық зейнетақының ең төменгі мөлшерін - 15 274 теңгені ала береді. 33 жылдық өтілі бар адамдар одан екі есе артық алмақ. Вице-министрдің хабарлауынша, елдегі барлық зейнеткердің базалық зейнетақысы қайта есептелген.

Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:

Қазір елде 2 млн 148 мың адам базалық зейнетақы алып жүр. Оның 940 мың адамы базалық зейнетақының толық мөлшерін алады. Жуықтап алғанда 28 284 теңге. Ал 931 мыңға жуық зейнеткер ең төменгі күнкөріс деңгейіне жақын 74-90 процентін алады. Қалған 120 мың адамның еңбек өтілі 10 жылға жетпегендіктен,  ең төменгі көрсеткіш - 15 274 мың теңге ала береді.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы биыл Жолдауда базалық зейнетақыны еңбек өтіліне қарай 1,8 есеге ұлғайтуды тапсырған болатын. Базалық зейнетақыны көтеруге республикалық бюджеттен 530 млрд теңге бөлінген. Әрбір азамат зейнетақы мөлшерін "электронды үкімет" порталынан немесе "Азаматтарға арналған үкіметтің" бөлімшелерінен біле алады.