Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Тегеран ядролық бағдарламасын жандандырмақ

AstanaTV
05.06.2018ж. 20:00
3080
Тегеран ядролық бағдарламасын жандандырмақ

Иран АҚШ-қа қарымта жауап қайтарды. Елдің рухани көшбасшысы Али Хаменеи дереу уран байытуды арттыруды тапсырды. Оның айтуынша, Ислам мемлекеті бір мезетте санкциямен қатар "ядролық бақылауда" қалмайды. Бұл аятолланың АҚШ-тың 2015 жылғы ядролық келісімнен біржақты шығуына қарсы жауабы. Онда Иран ядролық бағдарламасын қысқартатын болса, санкциялар бұғауынан босатылатыны келісілген еді. Бұған дейін Тегеран батыс елдеріне талап қойды. Егер Еуроодақ америкалық экономикалық шектеулер зиянын жабатын болса, Иран келісімді орындауға келіспек еді. Франция мен Германия басшыларының келісімде қаламыз деген мәлімдемелеріне қарамастан, еуропалық бизнес өкілдері Иран нарығынан кетіп жатыр. Бүгін франциялық «Peugeot» автоөндіруші бұл елдегі қызметін тоқтатанын мәлімдеді.

Али Хаменеи, Иран рухани көшбасшысы:

Мен Иранның атом энергетикасы жөніндегі ұйымына жақын арада уран байытуды 190 мың бірліктен бөлу жұмыстарына дейін қайта дайындауға дайындалуды тапсырдым. Бұл келісімде бұзбайды. Иран санкцияларды салғаннан ядролық бағдарламадан бас тартады деп күтетін шығарсыздар? Бұл армандарыңыз ешқашан орындалмайды!