Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Нұротандық депутаттар «Нұрлы Жол» бағдарламасы арқылы салынып жатқан жолдарға бақылау жасады

AstanaTV
07.06.2018ж. 20:00
2362
Нұротандық депутаттар «Нұрлы Жол» бағдарламасы арқылы салынып жатқан жолдарға бақылау жасады

Нұротандық депутаттар «Нұрлы Жол» бағдарламасымен салынып жатқан жолдарға бақылау жасады. Бүгін мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті көшпелі кеңесін өткізді. Халық қалаулылары Астана - Павлодар - Семей қалалары мен Қалбатау бағыты бойынша «Орталық - Шығыс» дәлізінің жұмыс барысымен танысты.

Жалпы «Орталық - Шығыс» дәлізінің ұзындығы 905 шақырым. Жол 2019 жылы толық іске қосылмақ. Бүгінгі таңда 404 шақырымы пайдалануға берілген. Ағымдағы жылы қалған 501 шақырамы жөнделеді. Биыл Астана - Павлодар және Павлодар - Семей учаскелерінің бағыты толық іске қосылуы тиіс. Нәтижесінде 196 шақырым жол салынуы қажет. Ағымдағы жылы бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 55,3 млрд.теңге бөлінген. Бүгінгі күні оның 9,1 млрд.теңгесі игеріліпті.

Қайрат Қалебаев, "Қазавтожол" АҚ ҰК" Павлодар облыстық филиалының директоры:

Астана-Павлодар жолында 11 компания жол салып жатыр. "Автодорсервиспен" былтыр 25 шақырым тапсырылды. Енді қазір "Юнисерікпен" 30 шақырым және "Ақжолмен" 46 шақырым жол биыл пайдалануға беріледі. Екінші участок "Автодорсервис" деген компания Шідертіден Екібастұзға дейін 46 шақырым, бүгінгі күні 23 шақырымы ашылды.