Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

6 ай бойы емделсе де, сарбаз қайтыс болды...

AstanaTV
09.06.2018ж. 20:00
2447
6 ай бойы емделсе де, сарбаз қайтыс болды...

Атырауда әскери борышын өтеп жүрген сарбаз туберкулез менингитінен қайтыс болды.Павлодар облысы Ақсу қаласының 19 жастағы тұрғыны  Әлішер Ермұратов Атыраудағы  20\16 әскери бөліміне былтыр қыркүйек айында шақырылған.  Қатарынан қалғысы келмеген ол, Отан қорғауға қуана кеткен.  Өмірге құштар ұлдарының аяқасты өліміне туыстары дәрігерлерді кінәлап отыр...

Мынау  - Әлішердің Отанына адал қызмет етуге ант берген сәті. Сарбаз «елім мен жерімді қасық қаным қалғанша қорғаймын»,- деген. Әкесінен 9 жасында қалған ол, анасы мен жалғыз әпкесіне қамқор болатынын жиі айтып отырған. Алайда жас жігіт арманына жете алмады.  «Айдың күннің аманында баламыздан айырылдық»,- деп зар жылаған туыстары  дәрігерлер дер кезінде, тиісті көмек көрсетсе, аман алып қалуға болар еді,- деп ашынып отыр.

Дариға Байтілеуова, нағашы апасы:

- Облыстық ауруханаға ең бірінші неврология бөліміне түсті ең басында. Одан Алматыда жатты госпитальда, мында қайтадан түсті неврологияға. Неврологиядан тубдиспансерге жіберді. Диагнозды білмеді ме, білмеймін. Менің түсінігім бойынша, халатность врачей и бездействие врачи. Менде мұндай жоқ деп дүк-дүк айқайлап. Атырауда не жоқ дегенге кім нанады. Скорый деген бар ғой, алып барып көрсетуге болады ғой. Сразу қиналтпай. Үш күн бойы бала айғайлап қиналып, қан түкіріп жатқанда қалай отыруға болады, айтыңдаршы. Поставили бірінші геморрогический синдром, қан кетті деген сөз ғой. Поставили менингит туберкулезный.

Туыстары дәрігерлер Әлішерге әу баста дұрыс диагноз қоймай, теріс ем жүргізді деп есептейді. Ауруханадан ауруханаға алмастырып, диагноз да жиі өзгергенін айтып отыр. Алайда сан түрлі емнен Әлішер жақсара қоймаған. Соған қарамастан сәуір айында бір айлық демалысқа жіберіпті.

Дариға Байтілеуова, нағашы апасы:

Алла жазса, 3-4 ай қалды,- деп жібердік қой, осы жолы. Барғысы келмеді бала, жылап кеткісі келмеді.Өздеріңіз білесіздер, заң бойынша нельзя же. Егер сондай ауру болса комиссовать ету керек еді. Біздің жаққа. Ондай ештеңе жоқ, командировочныйдан басқа қолында. Частқа ешқандай кінәміз жоқ, ол кісілер вовремя әкеліп тұр. Ар жағында медицинада ешқандай безсилье. Басқа жақта жалғыз мамасы не істейді. Ештеңені білмейді. Ешкімді білмейді . Жылағаннан басқа.

Атыраулық дәрігерлер сарбаз өліміне қатысты ақпарат беруге журналистерді жиғанымен, диагнозынан басқа ештеңе ашып айтпады. Олар бар болғаны туберулез минингитін, елімізде қазір жаппай белең алған менингококпен шатастырмауды өтініп отыр.

Мәншүк Аймурзиева, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Бала басқа облыстыкі, қазіргі уақытта қай жерге емделгенін, қай жерде болғанын анықтаудамыз. Патоморфологиялық диагнозын күтіп, әрі қарай сараптама жүргіземіз.

Алты ай бойы алған үздіксіз ем-дом Әлішерді неге аяқтан тұрғызбады? Расында да дәрігерлердің салғырттығы ма?

Дариға Байтілеуова, нағашы апасы:

Дәрігерлердің бездействиесі, әлі де балалар бар ғой келіп жатқан. Балаларды жібереді адам болсын деп. Служит етіп келсін деп. Ал былай өлігін алып қайтып жатамыз. Оңай ма, әке-шешесінің жалғыз ұлы!..