Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Макрон Трампқа сес көрсетті

AstanaTV
08.06.2018ж. 20:00
2374
Макрон Трампқа сес көрсетті

Франция президенті Дональд Трампқа сес көрсетті. Ол америка басшысының қатысуынсыз G7 қорытынды коммюникесіне қол қойып жіберетінін мәлімдеді.  Бұл туралы ол Twitter парақшасында жазды.

Эммануэль Макронның айтутынша, 6 ел - айбарлы алып. Сондықтан G7 G6-ға айналуы мүмкін. Еуропа елдері мен АҚШ арасындағы текетірес Американың құрыш пен алюминийге енгізген баж салығынан басталды. Бұл одақтастар арасындағы сауда соғысына ғана емес, "үлкен жетіліктің" де дағдарысына әкелді. АҚШ-тың Иранмен ядролық келісімнен біржақты шығуы да отқа май құйып отыр. Оның ізімен енгізілген Иранға қарсы санкциялар еуропалық компаниялардың мүддесіне қайшы келіп отыр. БАҚ хабарлауынша, Дональд Трамп Канадағы саммит бағдарламасын қысқартқан.

АҚШ президенті оқшаулануға қарсы емес шығар, біз де алты ел арасында келісімге қол қоюға қарсы емеспіз. Ал бұл алып елдердің экономикалық нарығы бар. Енді ол халықаралық күшке айналады.

Ал Дональд Трамп Канадада G7-мен "әділетсіз сауда келісімін" қайта қарауды асыға күтіп отырғанын мәлімдеді. Олай болмаса ол тек Америкаға пайда әкелетінін айтты. Сондай-ақ АҚШ президенті үлкен сегіздікке Ресейді қайтаруды қолдайтынын мәлімдеді.