Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Жазасын өтеушілерді тамақтандыруға және жүргізуші куәлігін дайындауға қаражат жетпейді - Қ.Қасымов

AstanaTV
11.06.2018ж. 20:00
2554
Жазасын өтеушілерді тамақтандыруға және жүргізуші куәлігін дайындауға қаражат жетпейді - Қ.Қасымов

Тамыз-қыркүйек айларында жүргізуші куәлігін беру тоқтап қалуы мүмкін. Мұны Сенаттың пленарлық отырысында Ішкі істер министрлі Қалмұханбет Қасымов айтты. Өйткені қаражат тапшы көрінеді. Ол ғана емес, сотталғандарды тамақтандыруға да ақша жетпей жатса керек. Министрдің шырылдауына сенатор Дариға Назарбаеваның қойған сауалы түрткі болды. Депутат Ішкі істер министрлігінің бөлімшелері - Төтенше жағдай комитеті мен Ұлттық ұланға қаржыландырудың жетіспеушілігі турасында сауал жолдаған болатын. 

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

Біз бір министрлік болғандықтан, бюджеттік бағдарлама да бір. Ал қаржыландыруды Қаржы министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігі анықтайды. Министрлік тарапынан алдын ала жоспарлап, түрмелер,  өрт сөндіру депосын салу туралы жоспарлаймыз да, жобалық сметалық құжат тапсырамыз, ал уақыты келгенде, қаражат толық келмейді. Салдарынан біз қазір жазасын өтеп жатқандарды тамақтандыру бойынша толық ақшасын берген жоқпыз. Ал министрлікте жүргізуші куәлігін дайындау бойынша қаржы толық бөлінген жоқ. Бұл тамыз-қыркүйек айларында осы құжаттарды шығара алмай қалуымыз мүмкін деген сөз. Сондықтан мәселені ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп шешу керек.