Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Алматы облысында конкур спортынан халықаралық сайыс өтті

AstanaTV
11.06.2018ж. 20:00
2638
Алматы облысында конкур спортынан халықаралық сайыс өтті

Алматы облысында халықаралық конкур спортынан халықаралық сайыс өтті. Қырғызстан, Өзбекстан мен Ресей мемлекеттерінен де 50-ден аса шабандоз келді. Алматы облысы әкімінің және ат спорты федерациясының кубогы үшін өткен жарыс кезінде ұйымдастырушылар конкур спортының болашағынан үлкен үміт күтетіндерін айтты.

Тұратбек Шарапиев, Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

Бұл спорт түрі олимпиадалық болғаннан кейін мемлекет тарапынан үлкен көмектер көрсетіліп жатыр. Арнайы жоғарғы шеберлік мектептері бар осы бойынша. Үлкен-үлкен азаматтар атсалысып, мықты-мықты аттарды алып келіп, жокейлерді дайындатып, шетелге апарып, осындай жұмыстар жүргізіп жатыр. Болашақта осы конкурмен вывезкадан үлкен үміт күтіп отырмыз. Біздің спортшыларымыз олимпиадаға қатысады деп.

Дода 5 санатқа жіктелген. Алдымен жарысқа 14-16 жас аралығындағы жас жеткіншектер шықты. 100 сантиметрлік кедергіні мінсіз бағындырған Карина Абулова бұл санаттың бас жүлдесін қанжығасына байлады. Ал ақалтеке тұқымындағы жылқылар кезегінде «Роваят» есімді  дүлдүлді тізгіндеген Ксения Горкушкина үздік деп танылды. 

Медет Мәулітбеков, «Ақалтеке» тұқымындағы сәйгүліктер сайысының 2-ші орын иегері:

Алматының тумасы болғандықтан, ипподромға баратынмын. Сол жерде маған кел конный спортқа, конкурға деп. Содан ақырындап қызық болып кетті. Болашақта олимпиадалық ойындарға дайындық.