Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Астанада футболдан есірткіге қарсы күрес күніне арналған жасөспірімдер арасындағы жарыс өз мәресіне жетті

AstanaTV
14.06.2018ж. 20:00
2548
Астанада футболдан есірткіге қарсы күрес күніне арналған жасөспірімдер арасындағы жарыс өз мәресіне жетті

Астанада есірткіге қарсы күрес күніне арналған жасөспірімдер арасындағы футбол жарысы өз мәресіне жетті. Осымен бірнеше жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан шара жастарды жастайынан спортқа құмар етіп, есірткіден өздерін аулақ ұстауға үгіттейді. Ұйымдастырушылар - Астана қаласының әкімдігі мен ішкі істер департаменті. Биылғы жарысқа 2007-2008-ші жыл аралығындағы балалардан 8 команда қатысып отыр. Топ жарып шыққандар құнды сыйлықтармен марапатталды.

Әлнұр Төкен, «Астана» ФК жасөспірімдер командасының мүшесі:

Осы турнирге біз қатты бір айдай дайындалдық.  Сондықтан осындай дәрежеге жеттік деп ойлаймын. Қарсыластар да өте жақсы ойнады. Менің ойымшағ барлығы тырысып, соңына дейін ойнады. Кеше топтық кезең өтсе, бүгін жартылай финал және финалдық ойындар өтті. Балалар қуанышты және жарақат болған жоқ. Сондықтан турнир жақсы өтті деп ойлаймын.