Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақстандықтар енді коммуналды төлемді шамамен 30% пайызға арзан төлей алады

AstanaTV
15.06.2018ж. 20:00
2574
Қазақстандықтар енді коммуналды төлемді шамамен 30% пайызға арзан төлей алады

Қазақстандықтар енді коммуналды төлемді шамамен 30% пайызға арзан төлей алады. Бұл туралы "Нұр Отан" партиясында өткен жиында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық орталығының» өкілі Мейіржан Майкенов хабарлады. Оның айтуынша, биыл өнеркәсіпті цифрландыру жобасы аясында бірыңғай тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесі енгізіледі. Оның көмегімен коммуналды компания әр тұрғынның төлемін онлайн режимінде қадағалай алады. Сондай-ақ, энергияны қаншалықты қолданғандарын көруіне болады. Жыл соңына дейін Астана, Алматы және  елдің 16 облысындағы 15 мың пәтер смарт жүйесіне қосылады. Еліміз бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтарының  ақылды желісіне жаппай қосылу келесі жылдан басталмақ.

Мейіржан  Майкенов, «Кацентр ЖКХ» АҚ  басқарма төрағасының орынбасары:

Қазақстанда қазірдің өзінде қолданылатын құрылғылардың мәліметтері бойынша, шамамен әрбір пәтер 30% -ға дейін үнемдейді. Мысалға,  құны 2 400 теңге тұратын есептеуіш құрылғысы бар 60 шаршы метр екі бөлмелі пәтердің иесі, ондай құрылғысы жоқ үйден гөрі аз төлейді. Яғни 2 400 теңге орташа алғанда 30-35 пайызды үнемдеп қалады.