Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Футболдан Ресей құрамасы Испанияны жеңіп, ширек финалға жолдама алды

AstanaTV
02.07.2018ж. 20:00
2969
Футболдан Ресей құрамасы Испанияны жеңіп, ширек финалға жолдама алды

Ресей құрамасы әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды. Мәскеуде өткен кездесуде негізгі уақыт 1:1 есебімен тең аяқталған. Қосымша 30 минутта гол соғылған жоқ. Пенальти кезеңінде сәттілік Ресей ойыншылары жағында болды. Енді Ресей Хорватиямен ойнайды. Соңғысы Дания құрамасын  жеңген болатын. Ойын басталған соң 5-ші минутта қос құрама қақпаларына бір бір голдан соғып, әрі қарай кездесу кезеңін пенальти шешті. Бұл ойында сәттілік Хорватия құрамасы жағында болған. Ал, қазір Самара Аренада Бразилия-Мексика арасында кездесу басталды. Бүгін түнде Бельгия мен Жапония кім мықтыны сарапқа салады.