Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Нұр Отан» партиясының өкілдері Ақтөбедегі жалғызбасты қарияға көмек қолын созды

AstanaTV
10.07.2018ж. 20:00
3369
«Нұр Отан» партиясының өкілдері Ақтөбедегі жалғызбасты қарияға көмек қолын созды

Қиналғанға көмек! «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе қалалық филиалының депутаттары  мұқтаж жандарға көмек қолын созуды жалғастыруда. Бұл жолы олар жалғызбасты қария Ұмсынай Ыбырашеваның пәтерін жөндеп беріп жатыр. 81 жастағы зейнеткер бұл үйде бір өзі тұрады. Жолдасы 20 жыл бұрын дүние салыпты. Жалғыз баласы да тағдырдың жазуымен бақилық болған. Қамкөңіл қарияның жағдайына бей-жәй қарамаған депутаттар оның екі бөлмелі пәтерін толықтай жөндеп беруді шешкен. Мамандар барлық жұмысты он күн ішінде бітірмек. Жөндеу жұмыстарының негізгі бөлігін «ТрансЭнерго» акционерліқ қоғамы мойынына алған. Компания қарияның ас үйі мен кіреберісіндегі жиһаздарын жаңалап беруге де уәде беріп отыр. 

Ұмсынай Ыбырашева, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

20 жылдан бері жөнделген жөқ. Күйеуім қайтыс болғаннан бері. Сонан енді «Нұр Отан», «ТрансЭнерго» жәрдем беріп, үйімді ремонттап беріп жатыр. Мың да бір рахмет! Үлкен кісіні сыйлап, "жалғыз өзі қалды ғой, ешкімі жоқ қой" деп жәрдем беріп жатыр. 

Мұратбай Әжібаев, «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Өз көмегімізді беріп, көмектесіп жатырмыз. Қазіргі таңда 500 мың теңге ақша депутаттардан жинап, осы үйді үлкен ремонттан өткізіп жатырмыз. Енді әжеміз риза. Көп жылдан бері үй ремонт көрмеген.