Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Жамбыл облысында жүк пойызының рельстен шығып кеткеніне байланысты діттеген жеріне жете алмаған 5 пойыздың жолаушыларына өтемақы төленеді

AstanaTV
01.08.2018ж. 20:00
2292
Жамбыл облысында  жүк пойызының рельстен шығып кеткеніне байланысты діттеген жеріне жете алмаған 5 пойыздың жолаушыларына өтемақы төленеді

Жамбыл облысында жүк пойызының рельстен шығып кетуінен жолдан қалған жолаушылардан шығынды өтеу жөнінде шағым түспеген. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" компаниясының өкілі хабарлады. Ол шығынды өндіріп алу үшін ұлттық компанияның теміржол кассаларына баруға кеңес берді. Еске сала кетейік, төтенше оқиға кеше сағат таңғы 8-де Мойынты-Шығанақ аймағында болған. Жүк вагонының рельстен шығып кетуінен 5 жолаушы пойызы уақытынан 10 сағаттан астам кешігіп, 3200 адам жолынан қалған еді. "Қазақстан темір жолы" компаниясы жол апатына бір вагонның бүйіріндегі жақтаудың сынуы себеп деп отыр.

Марат Шәкенов, «ҚТЖ» ҰК АҚ пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі басқарма төрағасының міндетін атқарушы:

Алдын-ала болжам бойынша, 28-ші вагонның бүйір рамасының сынуы пойыздың апатқа ұшырауына себеп болған. Бұл рама «Иском Транс» ЖШС-ның жекеменшігіне тиесілі. Мұны 2009 жылы «Азов Электросталь» зауыты шығарған.  Барлығы 11 вагон рельстен шығып кеткен. Оларға кен қазбалар мен ағаштар тиелген. Бұл вагондардың иелері - қазақстандық, ресейлік және эстониялық компаниялар.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысы аумағында жолаушылар пойызы апатқа ұшыраған еді. Вагондар рельстен шығып, бір бала қаза тапқан болатын.