Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Құрамында валсартан бар препараттар нарықтан шығарылды

AstanaTV
02.08.2018ж. 20:00
2623
Құрамында валсартан бар препараттар нарықтан шығарылды

Құрамында валсартан бар дәрілер дәріханаларынан алынды. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова мәлімдеді. Дәрілік затты нарықтан алуға препараттың кейбір партияларының құрамында қауіпті қоспаның табылғаны себеп болып отыр. Дәрі қан қысымы жоғары науқастарға инфаркт пен инсульттің алдын алу үшін қолданылады. Тегін рецепті бойынша босатылған арнайы серияларымен "Вазар 80" препаратын алған азаматтар, оны алған дәріханаға немесе медициналық ұйымға тапсыруы керек. Бұдан соң науқас емдеуші дәрігерге қаралып, жаңа нұсқаулықпен препарат алады.

Арнұр Нұртаев, Ұлттық дәрілік заттарды сараптау орталығы бас директорының бірінші орынбасары:

Құрамынан қауіпті қоспалар табылған «Гедеон Рихтер» компаниясы өндірген "Нортиван" препаратының 13 сериясы қайтарылды. Сановель Фармако компаниясының препараты тіркелген уақыттан бері Қазақстанға жеткізілмеген. Ал "Балкан Фарма" өндіретін препараттың Қазақстанға 57-дей сериясы келген. Енді өндіруші аталған дәрінің кейбір серияларын қолданған пациенттерді бақылауда ұстайтын болады. 

Ғалия МҰХАМБЕТҚЫЗЫ, Астана телеарнасы