Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қытайда әлемдегі ең ірі сауда экономикалық аймағы ашылмақ

AstanaTV
16.08.2018ж. 20:00
4109
Қытайда әлемдегі ең ірі сауда экономикалық аймағы ашылмақ

Қытайда әлемдегі ең ірі сауда экономикалық аймағы ашылмақ. Гуандун, Гонконг, Макао провинциялары бірігу жұмыстарын аяқтап қалды. Мұндай жарлыққа 1 шілде күні Қытай төрағасы Си Цзиньпин қол қойды. Бұл туралы Рейтерс хабарлады. Осылайша, еркін сауда аймағының құрамына екі әкімшілік аудан мен Гуандунның 9 қаласы кіреді. Оның ішінде Huawei секілді алпауыт орналасқан әйгілі Гуанжоу мен Шыңжаң қалалары да бар. Қалалық кластер 56 мың шақырымды, ал халық саны 68 миллион адамды құрамақ. Тасымалды ыңғайлы ету үшін билік бірнеше жолайрығын салған. Әлемдегі ең ірі көпір дайын. Ол Гонконг пен Макаоны және Чжухай қалаларын жалғайды. Әлемдік деңгейдегі жаңа аумақ капиталдар, таланттар мен болашағы зор жобаларды тарту тұрғысынан қытайлық Креминий алқабына айналады деген сенім бар.