Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Байқонырда қазақстандық балабақша саны көбейеді

AstanaTV
06.09.2018ж. 20:00
3276
Байқонырда қазақстандық балабақша саны көбейеді

Есесіне Байқоңырда төрт бірдей қазақстандық балабақша ашылады. Облыстық білім басқарамасы қазір осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Қалада жалғыз қазақ балабақшасы бар. Қалған 13 мектепке дейінгі мекеме - ресейлік. Жуырда Қазақстан тарапы бос тұрған «Василек» балабақшысы мен медициналық училищенің ғимаратын алу жөнінде шешім қабылдады. Бұған дейін Ресей меншігінен бізге өткен 13 бос ғимарттың екеуі де балабақша ретінде жаратылады.

Майра Мелдебекова, Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы:

Жекеменшілік серіктестік арқылы төрт балабақшаны іске қосуға болатыны қаралып отыр. Екі балабақша бойынша мәселе қазіргі таңда шешілді. Бизнес кәсіпкерлеріміз табылды. Әрі қарай олар өз қаражаттары арқылы жөндеу жұмыстарын жүргізіп, іске  келесі жылы қосамыз деп отыр. Төртеуі де мемлекеттік жекеменшік серіктестік арқылы іске асырылады.