Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Американың арқасында Ресей мен Қытай жақындасты - К.Сыроежкин

AstanaTV
14.09.2018ж. 20:00
2484
Американың арқасында Ресей мен Қытай жақындасты -  К.Сыроежкин

Ал Американың арқасында Ресей мен Қытай жақындасты. «Ұлы Жібек жолы елдерінің IV форумына» қатысқан саясаткер Константин Сыроежкин біздің арнаға берген сұхбатында осылай деді. Си Цзиньпиннің Ресейге сапары жемісті болғаны туралы ақпарат құралдары жарыса жазуда. Назар аударатын бір деталь Қытай Ресейдің сыртқы агрессияға қарсы бағытталған әскери жаттығуларына шақырылған бірінші ел болды.

Константин Сыроежкин, саясаткер:

Ресей мен Қытайды жақындастырған Америкаға рақмет. Екі елдің бір бағытта әрекет ететіні анық. Қазіргі қаржылық жүйені өзгерту керектігі де түсінікті. Не істеу керектігі мәлім, ол қаншалықты мүмкін? Осы жағы қиындау.

Қазір Құрама Штаттармен қос елдің қарым-қатынасы ушығып тұр. Ресейге «Скрипальдің ісінен» кейін санкциялар көбейіп кетті, ал Қытай  Вашингтонмен баж салығы үшін "соғысып" жатыр. Саясаткер мұндайда Қазақстан өз мүддесін айқындап алуы керек дейді.

Константин Сыроежкин,  саясаткер:

Біз Ресей мен Қытайдың мүдделері тоғысатын нүктені табуымыз керек. Қазіргі олардың ара-қатынасы жақсы. Бірақ  Ресей - «Жібек жолының» белсенді мүшесі емес. Экономикасы дамыған алпауыт елдің өз көздегені, өз мүддесі бар дегендей. Біз ықпалды болмасақ та, өңірге деген Қытайдың қызығушылығын пайдалануымыз керек.