Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

ШҚО-да жыл басынан бері 13 нәресте ата- ана салғырттығынан қаза тапқан

AstanaTV
20.09.2018ж. 20:00
2770
ШҚО-да жыл басынан бері 13 нәресте ата- ана салғырттығынан қаза тапқан

ШҚО-да дүниеге келген 106 нәрестенің 13 - і ата-аналардың салғырттығынан қаза тапқан. Бұл - соңғы 7 айдың көрсеткіші. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі - осы. Мекеме жетекшісінің орынбасары Райфа Сафиоллинованың айтуынша, мұндай деректер бұрын бірен - саран ғана тіркелетін.

Енді үйге шыққан сәбилер өлімін сараптау барысында аналардың балаларға қарапайым күтім жасай алмағаны анықталған. Сәбиді дұрыс тамақтандыру, жылы жерде ұстау ережелері мен шомылдыру кезінде сақтық шараларын ұстанбайды. Дәрігерлердің пікірінше, әйелдердің бейқамдығы жүктілікті жоспарламау мен ана болуға дайын емес екендерін көрсетеді.

Райфа Сафиоллинова, ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің орынбасары:

Біз мамандарды қауіпсіз перинаталдық технологияларды қолдануға үйрете беруіміз керек. Әйелдерге жүкті кезінен бастап бала күтімі туралы кеңес алу қажет. Нәресте дүниеге келген соң кеш болады. 106 сәбидің 13-і анасы жалғыз қалдырып кеткендіктен ғана қайтыс болған. Қалай екенін әйелдер байқамай қалған. Қорғансыз нәрестелер сүтке шашалған немесе анасы абайсызда омырауымен тұншықтырып алған.

 Қуаш А.