$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Ғалымдар киіктердің жаппай өліміне байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігін тексеруді талап етті

AstanaTV
01.06.2015ж. 20:00
1299
Ғалымдар киіктердің жаппай өліміне байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігін тексеруді талап етті

Ал экологтардың пікірінше, ақбөкендер саны, мезгіл сайын қайталанатын індеттердің таралуы себептерін зерттеу жұмыстары түбегейлі жүргізілмегендіктен, азайып жатыр.

Бүгін Алматыда экологтар мен ғалымдар киіктердің жаппай қырылу себептерін объективті зерттеу жолдарын ұсынды. Ақбөкендердің жаппай қырылуына байланысты және жануарларды қорғау мақсатында мемлекеттік бағдарлама әзірлеуді ұсынып отыр. Экологтар Бас прокуратура мен мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне киіктің басын көбейту және қорғау мақсатында соңғы 6 жылда бюджеттен бөлінген қаржының пайдалану жолдарын тексеруді өтініп отыр. Сондай-ақ Үкімет құрған комиссия құрамына экологтар тарапынан 7 маманды енгізуді сұрады. 

Жанұзақ Әкім, Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі:

Мына қырылған киіктердің ішкі органдары, қаны, тағы басқа биопрепараттарды түгелдей біз халықаралық жануарларды тексеретін, қос тұяқтыларды тексеретін, сосын киіктерді дамыту альянсы бар, солардың лабораториясына тексеруге жіберу керек. Қорытындысы нақты жариялануы тиіс.

А. ЕРМАХАН