Бүгін
Астана тұрғыны Жәнібек Сәдуақасов алғашқы болып жеңілдетілген автонесие бойынша
рәсімдеген темір тұлпарын мінді. Елордалық автоорталықтардың бірінде оған су
жаңа Шкода Рапид көлігінің кілтін табыстады.
Жәнібек
Сәдуақасов:
4
% жеңілдетілген несие бойынша мына көлікті таңдап алдым. Skoda Rapid сапа
стандарттары бойынша өзіме өте ұнайды. Банкте өтінішімді бірден
қанағаттандырды. Енді міне бірнеше күн өткен соң өз көлігімді алып кетуге
келдім.
Бақыт Сәтпаев, автоорталық
директоры:
Көптен бері халық
жеңілдетілген автонесие жайында біліп, естіп жүрген. Бүгін алғашқы клиентіміз
салоннан су жаңа көлігін мініп кетпек. Елбасының «Нұрлы Жол»
бағдарламасы аясында қазақстандықтар осындай тамаша мүмкіндікке ие болып отыр.
Еске
салайық, жеңілдетілген автонесие бағдарламасы 20- сәурірде бастау алған. Оған сай
отандық көліктер жылына небары 4 пайызбен рәсімделеді. Несиелеу үшін үкімет екінші деңгейлі 6 банкке 15 миллиард теңге бөлді. Атап айтсақ, Халық банкке 4 миллиард, Еуразиялық банкке 3, Сбербанк, Форте банк және АТФ банктеріне 2 миллиардтан ақша аударылған. Тұтынушылар үшін ай сайынғы минималды төлем 23 мың 400 теңгені құрамақ. Отандық автөкөлік құрастырушы компания директоры Ерік Сағымбаевтың айтуынша 2 мыңнан аса қазақстандық Өскеменде құрастырылған көліктерді рәсімдеп үлгерген. Автонарық мамандардың айтуынша, жеңілдетілген автонесие бағдарламасы отандық автоөнеркәсіпті қолдап, халықтың экологиялық таза транспорт мінуіне жағдай жасайды.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА