Білім
және ғылым министрлігі бірыңғай ұлттық тестілеуді өткізуге қатысты өзгеріс
енгізді. Аталған ведомство тиісті бұйрықты жария етті. Нақтырақ айтқанда,
өзгеріс Бірыңғай ұлттық тестілеуді өткізу туралы Заңның 48-ші пунктке
енгізілген. Яғни аттестат түлектердің ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруға
дейін, білім алған мекемесінен беріледі. Бірыңғай ұлттық тестілеуге енген жалпы
білім беру пәндері бойынша қорытынды баға, түлектің жылдық көрсеткіштеріне
байланысты шығарылады. Бұл бұйрық ресми түрде жарияланған соң, бірден күшіне енбек.
Ләйлә
ҚАЗИАҚПАРОВА