АҚШ-та алапат дауыл 42 адамның
өмірін қиды. Табиғаттың тосын мінезі Индиана, Миссисипи, Теннеси және Арканзас
штаттарында орын алған. Сағатына 300 шақырым жылдамдықпен соққан дауыл
нысандарды іргетасымен бірге құлатқан.
Техастың бірнеше ауданында
осыған байланысты төтенше жағдай енгізілді. Оклахома штатында да жағдай мәз
емес. Толассыз жауған жаңбыр соңынан күн райы күрт суытқан. Салдарынан су
тасқыны бірнеше адамның ажал құшуына әкеп соқтырды. Арасында екі сәби де бар.
Синоптиктердің болжамы көңіл қуантарлық емес. Мамандардың айтуынша, бұл аймақта
жойқын дауылдың қайталану қаупі әлі де бар.