$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Сауд Арабиясы келер жылдың бюджетін мұнай бағасын барреліне 29 АҚШ валютасы мөлшерінде түзді

AstanaTV
29.12.2015ж. 20:00
1406
Сауд Арабиясы келер жылдың бюджетін мұнай бағасын барреліне 29 АҚШ валютасы мөлшерінде түзді

Сауд Арабиясы мұнай бағасын барреліне 29 АҚШ валютасы мөлшеріне сәйкестендіріп, 2016 жылғы бюджетін түзді. Бұл туралы Рейтерс хабарлайды. Осылайша, алдағы жылы елдегі бюджет тапшылығы шамамен 87 миллиард АҚШ валютасы көлемінде болады деп жоспарлануда. Сәйкесінше, қазына қаражатының кірісі шамамен 137 миллиард көк қағазға кемиді. Бұл биылғы жылмен салыстырғанда, 25 миллиард АҚШ валютасына төмен.

Еске салайық, Ресей үкіметі жақында мұнай нарығындағы бағаның тұрақсыздығына Эр-Риядты кінәлаған. Олардың пікірінше, тәулігіне 1,5 миллион баррель мұнай  өндіру нарыққа шамадан тыс шикізат шығаруға әкеп соқтырды. Қазір Brent маркалы мұнайдың әрбір баррелінің құны  36 АҚШ валютасы бағамымен саудалануда.