$533.61 €621.07 ₽6.78
×

ОҚО денсаулық сақтау басқармасы аймақтағы жүкті әйелдер арасында 12 жастағылар жоқ деп отыр

AstanaTV
20.07.2015ж. 20:00
1090
ОҚО денсаулық сақтау басқармасы аймақтағы жүкті әйелдер арасында 12 жастағылар жоқ деп отыр

Ал Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының міндетін уақытша атқарушы Айгүл Сапарғалиева бұл мәліметті толық растамады. Жүкті әйелдерді тіркеу порталының дерегіне сүйенген медицина қызметкері, 12 жастағы қыздар бұл есепте жоқ, дейді. Десе де, жыл басынан бері кәмелет жасқа толмай бала көтерген қыз балалардың саны, расымен, үш жүзден асады.

Айгүл Сапарғалиева, ОҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының уақытша міндетін атқарушы:

12 жасқа дейін ол программада әйел тіркелмеген, жүкті әйел. Жалпы 13 жас пен 18 аралығына дейін, яғни 17 жастағыларды қоса есептегенде, 402 әйел жүктілікпен тіркелінген. Оның ішінде 283 - аудандардан, 119 әйел - қала тұрғындары. Олардың ішінді 41 әйел босанған. Қазіргі таңда 331 әйел тіркеуде тұр, 18 жасқа дейін. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ