Металлургия
саласындағы дағдарыс шамамен төрт жылға созылуы мүмкін. Бұл туралы Тау-кен және металлургия кәсiпорындары
республикалық қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец мәлімдеді.
Бұған 2014 жылы осы салада
бағаның күрт құлдырауы себеп болған, - дейді ол. Радостовецтің
айтуынша, металлургия саласындағы ахуал алаңдатарлық. Ол өз сөзінде Үкiметтен
қолдау таппасақ, бiрқатар өндiрiстер
мүлде бәсекеге қабiлетсiз болып қалады дегенді атап өтті.
Николай
Радостовец, Тау-кен және тау-металлургия кәсiпорындары
республикалық қауымдастығының атқарушы директоры:
Металлургия
саласындағы дағдарыс - Қазақстанда ғана емес, халықаралық деңгейде орын алып
отырған құбылыс. Барлық жерде баға түсiп жатыр, халықаралық сарапшылардың
болжауынша, қалай болғанда да, 2015-17 жылдар аралығында қуантарлық өзгерiс бола
қоймайды. Шамамен 2018-2019 жылдары өрлеу байқалады, деген ойдамын.
Берік ХАСЕНОВ