Елдегі ақша-несие саясатын тиімді реттеу мақсатында Ұлттық банк базалық мөлшерлеме деңгейін 17%-дан 15%-ға төмендетпек. Осылайша, нарыққа қатысушылар үшін түрлі операциялар жеңілдейді. Бұл туралы Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді. Тиісінше, пайыздық мөлшерлеме дәлізі плюс-минус 2 пайыз бен 1 пайыз аралығында болады.
Сондай-ақ биылғы инфляциялық
көрсеткіштерге қатысты болжамдар да жария етілді. 2016 жылғы 4 айда инфляция
3,6 пайызды құрады. Ал Ұлттық Банктің
2016 жылдың соңына дейінгі жылдық инфляция бойынша болжамы 6-8 пайыз мөлшерінде
қалу керек,- дейді Ақышев.
Ришат
АСҚАРБЕКҰЛЫ