Керекуде алғаш рет алаштың ардасы - Жүсіпбек Аймауытовқа арналған ескерткіш бой көтерді. Айтулы шара жазушы, публицист, ақынның 125 жылдық
мерейтойына орайластырылған. Биіктігі 7 жарым метр болатын мүсін қоладан
құйылған.
Жүсіпбек Аймауытов өз заманының ащы
ақиқатын шығармаларына арқау етті. Сондай-ақ,
сауатты аудармашы да болған. Шекспир, Гюго, Мопассан, Пушкин, Гоголь, Толстойлардың
ұлы шығармаларын қазақша сөйлетті. Тарихта қара әріппен жазылған «репрессия» зобалаңы Жүсіпбек
Аймауытовты да айналып өтпеді. Ол 1931 жылы «халық
жауы» атанып, ату жазасына тартылды. Артында қалған ұл-қыздары
аман қалу үшін тегін ауыстыруға мәжбүр болған.
Мәселен, тұңғышы Бектұр Аймауытов көп
жылдар бойы Виктор есімімен Ресейде өмір сүрген. Бүгінгі шараға жазушының
немересі, яғни Бектұрдың қызы Римма арнайы шақырылды. Туған жерінде атасының
рухын құрметтегеніне оның алғысы шексіз.
Римма Аймауытова, Ж.Аймауытовтың немересі:
33 жасымда атамның Жүсіпбек Аймауытов екенін білдім. Бұған дейін атамның есімін де білмеуші едім. Оның жазушы
екенін, қазақтың әйгілі қаламгері екенін естідім. Бірде үйге келгенімде, анам
әкемнің жоқтығын айтты. Қазақстанға алып кетті, енді келмейтін шығар деп
жылады. Сонда олар өмір бойы «соттайды» деген үреймен тірлік еткен. Әкем үйге қайтып оралғанда,
қуанышында шек болмады.
Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ