«Ресейлік
«Газпром» Польшаға көгілдір отын тасымалын қысқартты», - деп хабарлайды "Рейтерс". Ақпаратқа сәйкес, экспорт көлемі 24 пайызға
кеміген. Алайда «Газпром» өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр. Олардың
айтуынша, компания әлі де Польшаға тәулігіне 23 миллион текше метр газ
тасымалдауда. Экспорт көлемін қысқарту жайында бұдан бұрын «Газпром» басшысы
Александр Миллер әңгіме қозғаған еді. Кеміту Ресей көгілдір отынын реверс, яғни
кепілдеме арқылы алып отырған мемлекеттерге қатысты жоспарланған. Бұл тізімде
Польша да бар. Миллер мұндай тасымалдарды бірнеше мәрте алаяқтық деп сынаған
болатын. «Украинаның өз құбырларындағы біздің газымызға иелік етуіне құқы жоқ.
Соңғы тапсырыс нүктесі Украина шекарасынан тыс орналасқан», - дейді Александр Миллер.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ