$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Петропавлда жетімдерді қамқорлығына алғандар олардың баспанасын сатып жіберген

AstanaTV
12.09.2014ж. 10:00
1590
Петропавлда жетімдерді қамқорлығына алғандар олардың баспанасын сатып жіберген

Солтүстік Қазақстанда кәмелеттік жасқа толмаған 2 жасөспірімнің қамқоршысы балалардың атындағы баспана мен жер телімін сатып жіберген. Бұл жайында Мамлют ауданының прокурорлары хабарлайды.

Жетімдерді өз қамқорлығына алған әйел бойжеткендердің иелігіндегі жер үйді 280 мың теңгеге сатып, прокурорларға ақшаны қыздардың мұқтаждығына жұмсағанын айтып ақталды. Алайда, құзырлы мекеме жүргізген тексеріс жұмыстарының нәтижесінде бұл деректің шындыққа жанаспайтыны анықталды. Шын мәнінде, ол қомақты қаражатты өз апасына беріпті. Аталған қамқоршылар теріс қылықтары үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қазір олар ысырап қылған қаржыны жетім қыздарға қайтарып жатыр.

Наталья Синяковская, СҚО Мамлют аудандық прокурорының көмекшісі:

Қыздардың қамқоршысы әлгі қаражатты бойжеткендердің банктегі шотына салатынына уәде берді. Келісім-шартқа сәйкес әлгі ақшаны жетімдер 18 жасқа толғанға дейін ала алмайды. Туыстарының да бұл ақшаны шешуге құқықтары жоқ.

Абзал ҚҰРМАНКИН