Зертханаларды жетілдіруге 40 миллион доллар қажет.
Қырғызстан Кеден одағына өту үшін осынша қаражат керек. Бұл туралы «Интерфакс» агенттігі хабарлайды.
Әсіресе, тағам өнімдерін зертханалық
сараптау, мұнай және халықтық тұтыну тауарларын зерттеу саласы ақсап тұр. Оны жетілдіруге 30 миллион доллар қажет. Азық-түлік
нарығында барлығы 87 ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізетін зертхана бар.
Олардың әбден тозығы жеткен. Жаңғыртуға 11 млн 600 мың доллар қажет.
Айта кету керек, өткен аптада қырғыз
билігі одақ құрамына өту үшін, тиісті құжаттарды әзірлеуге тағы 100 мың доллар
бөлетіндерін мәлімдеген. Қырғызстан 2015 жылы
1-қаңтарда Еуразиялық экономикалық кеңістікке кіруге ниетті.
Мөлдір ДҮЙСЕКИНА