$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Құрылыс нысанын қабылдау ісімен тәуелсіз сарапшылар айналыспақ

AstanaTV
16.09.2014ж. 10:00
1593
Құрылыс нысанын қабылдау ісімен тәуелсіз сарапшылар айналыспақ

Мемлекет құрылыс сапасына қатысты жауапкершіліктен арылып, нысанды қабылдау ісін тәуелсіз сарапшыларға жүктемек. Бұл туралы Бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, енді мемлекеттік қабылдау комиссиясының функциялары тәуелсіз сарапшылар құзыретіне көшпек. «Сапасыз салынған нысандарды, оның ішінде тұрғын үйлерді мемлекеттік қабылдау комиссиясы өткізіп жіберген болса, барлық жауапкершілік мемлекеттің иығына жататын. Келген шығындар да мемлекеттік бюджеттен төленетін. Мысалға, Қарағандыдағы «Бесоба» тұрғын-үй кешенін алуға болады. Сапасыз құрылыс жұмыстарының салдарынан, қаншама адам зардап шекті. Жауапты органдар да кесірін көрді. Мемлекет шығынға батты. Осындай олқылықтардың алдын алу мақсатында мемлекет нысан құрылысын қабылдау ісін жеке тәуелсіз сарапшыларға жүктеуді жөн көріп отыр», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Жұрағат БАМАН