$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Ақтөбеде астан уланған мұнайшылардың жағдайы қанағаттанарлық

AstanaTV
16.09.2014ж. 13:00
2188
Ақтөбеде астан уланған мұнайшылардың жағдайы қанағаттанарлық

Ал Ақтөбеде уланып қалған мұнайшалырдың жағдайы жақсарған. Бұл туралы арнамызға облыстық жүұпалы аурулар ауруханасы дәрігерлері айтты.

Жұмыс орнында астан уланған 12 мұнайшы Ақтөбе облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді. Емхана кереуетіне 5-і таңылып, дертіне шипа алуда. Дәрігерлер олардың жағдайы қанағаттанарлық деп отыр. Бірақ әзірге айығып кету мерзімін дөп басып айта алмауда.

Естеріңізге сала кетсек, қыркүйектің 12-нде Мұғалжар ауданындағы Жаңажол вахталық елді мекенінде 24 адамнан жедел ішек ауруы анықталған болатын. Мұнайшылардың ортақ асханасынан ас ішкен жұмысшылар астан көріп отыр. Әзірге жаппай уланудың себептері анықталған жоқ.

Ардақ Мырзағалиева, Ақтөбе облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

Ең бастапқы шағымдары - іш өту, әлсіздік, бас ауруы. Кейбір жағдайда құсу жағдайлары байқалды. Қазіргі жағдайлары жаман емес. Бірақ анализдері әлі жұмыс үстінде. Әлі дайын емес. Алғашқы қойылған диагнозымыз - жедел ішек инфекциясы.

Мансұр ЕСҚОЖИН