$533.61 €621.07 ₽6.78
×

2016 жылы Бразилияда өтетін жазғы Олимпиада ойындарына билеттер құны жарияланды

AstanaTV
17.09.2014ж. 13:00
1199
2016 жылы Бразилияда өтетін жазғы Олимпиада ойындарына билеттер құны жарияланды

2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін Олимпиада ойындарына билеттер құны жария болды. Ұйымдастырушылар таратқан ақпаратқа сәйкес, ең қымбат билеттер ашылу салтанатына арналып сатылмақ. Олардың құны 2 мың доллар шамасында. Жалпы 7 млн-ға жуық билет сату жоспарланып отыр. Сатылымға шығатын билеттердің тең жартысының құны 31 доллардан аспайды. Спорт сүйер қауым ең арзан билетті 17 долларға сатып ала алады.

Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, бірінші кезекте билеттерді сатып алу мүмкіндігіне Бразилия тұрғындары ие болмақ. Ағымдағы жылдың желтоқсанында билеттер әлем бойынша сатыла бастайды.