Жылыту маусымы қарсаңында Украина
газдан тапшылық көре бастады. 2-қыркүйектен бастап Словакиядан 500 млн текше
метр газ жеткізілген. Әзірге бұл елден
Украинаға тәулігіне 26 млн текше метр газ тасымалдануда. Бұл бүкіл қажеттілікті
қамтамасыз етуге жеткіліксіз болып тұр. Украина премьер-министрі Арсений Яценюк
Словакия бұған дейін Ресейден алынған газдың 40 пайызын ғана жеткізетінін
айтқан болатын.
Айта өтейік, ресейлік «Газпром» ресми
Киев газ үшін қарызын беруден бас тартқаннан соң көгілдір отын тасымалын
тоқтатып тастаған-ды.
Илхам ИБРАГИМ