$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Қызылжарлықтардың әкімшілік құқық бұзушылық үшін мемлекет алдындағы берекшектері 1 млрд теңгеден асты

AstanaTV
24.09.2014ж. 20:00
1238
Қызылжарлықтардың әкімшілік құқық бұзушылық үшін мемлекет алдындағы берекшектері 1 млрд теңгеден асты

Берешегі 1 млрд теңгеден асты. Қызылжарлықтардың әкімшілік құқық бұзушылық үшін мемлекетке төлеуі тиіс айыппұлдары осынша қаржыны құрап отыр. Өткен 8 айда 100 мыңға жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Яғни, аймақтың әрбір алтыншы тұрғыны түрлі ағаттықтарға жол берген. Алайда, олардың басым көпшілігінің қарызын өндіру мүмкін болмай тұр.

Құқықтық статистика басқармасының өкілі Марат Ахметов, құзырлы мекемелердің бұл бағыттағы жұмысы мардымсыз екенін айтады. Мәселен, солтүстік қазақстандықтарға салынған айыппұлдың тек 33 пайызы ғана ел қазынасына түскен. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 21 пайызға кем.

Марат Ахметов, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеттің СҚО бойынша басқарма басшысы:

Жақында қарызды өндіру мәселесіне қатысты жиын өткізілді. Борышты өндіруші мекемелердің ісіне біздің көңіліміз толмайды. Осыған байланысты тиісті басшыларға ескерту жасадық. Жылдың соңына дейін нәтиже болады деп ойлаймыз.

Абзал ҚҰРМАНКИН