Оралда жаңа жолаушылар кемесі суға
түсірілді. Өзенде сейіл құруға арналған мұндай кеме соңғы отыз жылдан бері
алғаш рет жасалыпты. Өйткені, тоқсаныншы жылдардың тоқырауын бастан өткерген
кеме жасау зауыты банкроттықтың аз-ақ алдында болған екен.
Ірі тапсырыстардың арқасында кәсіпорын
жұмысы қайта жанданыпты. 65 адамдық кеменің
салмағы - 32 тонна. Ұзындығы - 25 метр, ені - 5 метрден асады. Ал қуаты - 250
аттың күшіне тең. Үш каютасы және жолаушылар салоны, тіпті жоғарғы палубасы да
бар кеменің жылдамдығы 20 шақырымға дейін. Кеменің атауы әлі
қойылмаған. Енді оның қалай аталары болашақ қожайындарының таңдауына
байланысты. Оралдан аттанған кеме Жайық өзенімен жүзіп, Атырауға төрт тәуліктен
кейін ғана жетеді.
Владимир Сазонов, «Кеме жөндеу зауыты» ЖШС
директоры:
Бұл кемені жасауға тапсырысты Атырау облысының әкімдігі берді. Кемені өзіміз жобалап, тоғыз айдың ішінде жасап шықтық.
Жайық өзені тартылған кезде де түбі тіреліп қалмайды, яғни, жыл он екі ай бойы
пайдалануға болады. Егер жақсы тапсырыстар болса, жылдамдығы жоғары әрі
сыйымдылығы үлкен катерлерді жасай аламыз.
Еркін ҚАРИН