×

Ақтөбеде 5 жасар баланың жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

AstanaTV
16.10.2014ж. 10:00
1724
Ақтөбеде 5 жасар баланың жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбеде 5 жасар баланың жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл ақпаратты «ҚазТаг» Ақтөбе облысы Ішкі істер департаментіне сілтеме жасап таратты.

Еске сала кетейік. Ақтөбеде 5 жасар бала із-түссіз жоғалған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері мен волонтерлер оны іздестіріп жатыр. 10-шы қазан күні таңғы 10 шамасында анасы баласын аулаға ойнауға шығарған. Бірақ, арада 15 минут өтпей жатып, бала көзден ғайып болды.

Жоғалған баланы іздестіруге 3 мың адам жұмылдырылды. Оның ішінде 1500 мың полиция қызметкері, 100-ден аса ұлттық гвардия сарбазы және 800-ге жуық Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері әскері институтының студенттері бар. Орман алқаптары мен өзен-көлдердің маңын барлау үшін 2 квадроцикл, ал әуеден бақылау үшін 1 тікұшақ іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

Самат ҚАНАҒАТОВ