$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Роджер Федерер жеңіс шеруін жалғастыруда

AstanaTV
30.10.2014ж. 20:00
972
Роджер Федерер жеңіс шеруін жалғастыруда

Бұған дейін қатарынан екі турнирде топ жарған Швейцария теннисшісі Роджер Федерер жеңіс шеруін жалғастыруда. Париж қаласында өтіп жатқан «Мастерс» турнирінің екінші кезеңінде Федерер алаң иесі Жереми Шардимен жолықты. Екі сет қорытындысы бойынша тең түскенімен, шешуші сетте табандылығымен танылған швейцариялық келесі айналымға өтті. 

Роджер Федерер, Швейцария теннисшісі:

Кездесу тартысты өтті. Шарди жанкүйерлер алдында аянып қалмады. Екінші сетте ұтылғаныма қарамастан, жауапты сетте жолым болды. Спорттық бабыма көңілім толады. Енді келесі кездесуге дайындық жүргіземін.

Келесі ойында Италия спортшысы Фабио Фонини Франция теннисшісі Лукас Пуйемен кортқа шықты. Бұл кездесуде жасындай жарқыраған алаң иесі қарсыласының алдын орап кетті.

Сондай-ақ өз кездесуінде үздік шыққан Жапония спортшысы Кей Нисикори үшінші айналымға жолдама алды.

Самат ҚАНАҒАТОВ