Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Жыл соңына дейін Украинадан тауар импорттайтын отандық компаниялар саны бір мыңға жетеді

AstanaTV
21.01.2016ж. 20:00
1538
Жыл соңына дейін Украинадан тауар импорттайтын отандық компаниялар саны бір мыңға жетеді

Жыл соңына дейін Украинадан тауар импорттайтын отандық компаниялар саны бір мыңға жетеді. Бүгіннің өзінде Федералды кеден қызметіне 200 компания енген тізім тапсырылды. Бұл жөнінде біздің арнамызға «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Дана Жүнісова мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстан Украинаға қатысты эмбаргоны қолдамаса да, ресейлік тарап осындай тәуекелге барды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасындағылар Украина тауарын импорттау үшін  балама жолдар қарастырылып жатқанын айтады. Бірақ ол жолдар отандық кәсіпкерлердің қалталарын қағары анық, дейді.

Дана Жүнісова, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы:

Ол - Транскаспий халықаралық маршруты. Сондай-ақ, Түркменстан-Иран бағытындағы маршруты. Баламалы жол арқылы жеткен жүктің шығыны артатыны да түсінікті. Бірақ нақты қаншалықты қымбаттайды деген сұраққа жауап бере алмаймыз.

Бүгін Қазақстанға Ресей Федерациясы аумағы арқылы қарауылмен өткен Украинаның 8 жүк көлігі жетті. Жеткізілген тауарлар қатарында құрылыс материалдары, сондай-ақ нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер бар.

Еске салайық, Ресей 1 қаңтардан бастап өз шекарасы арқылы Украинадан Қазақстанға тікелей жүк тасымалына тыйым салған еді. Ресми Киев Еуроодақпен еркін сауда-саттық жүргізу туралы келісімді мақұлдаған соң, Ресей осындай қадамға барды. Осылайша, Украинадан шыққан жүк көліктері тек Белоруссия арқылы ғана Ресей шекарасынан өтуге міндеттелді.

Еске салайық, екі күн бұрын Украинаның экономикалық даму және сауда министрінің орынбасары Наталия Микольская, Ресей аумағы арқылы шыққан бір көлікті қарауылмен шығарып салу үшін, 350 АҚШ валютасы жұмсалғанын жеткізді.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА