Грекия билігі халықаралық валюта қорынан қарызды өтеу мерзімін кейінге
шегеруді сұрады. Алайда бұл өтініш қанағаттандырылмады, - деп жазады «Financial Times».
Айта кетейік, өтініш бейресми түрде жасалған. Бұған дейін Афины халықаралық
валюта қорына 450 млн еуро төледі. Бірақ Грекияны бірінші мамырда 195 млн еуро
көлеміндегі кезекті төлем күтіп тұр. Ел билігіне мұнымен қоса мемлекеттік
қызметкерлердің жалақысын төлеуге ақша табу керек.
Сарапшылар, Грекия қарызын төлей алады дегенге үлкен күмәнмен қарайды. Осы
айдағы қарызын төлегенімен, маусым айында
кезекті берешекті төлеу мәселесі
тағы туындайды. Жалпы, Грекия халықаралық
валюта қорына 9 млрд еуро қарыз. Ал несиегерлердің үштігіне 320 млрд
еуро берешек.
Айгүл ӘДЕПБАЙ