$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Түркияда Twitter мен YouTube сайттарына тиым салынды

AstanaTV
07.04.2015ж. 10:00
1539
Түркияда Twitter мен YouTube сайттарына тиым салынды

Түркия Твиттерге салынған бұғатты қайта шешті. Бұл жайында Интерфакс хабарлады. Стамбул соты аталған әлеуметтік желінің әкімшілігінен марқұм прокурор Мехмет Селим Киразды тұтқынға алған кездегі барлық фотосуреттердің көзін жоюды талап еткен.

Талап қанағатандырылғандықтан, шешім өзгертіліпті. Айта кетейік, аталған елдегі кейбір ақпарат көздері Твиттер мен Ютюбке (YouTube) сот шешімімен тыйым салынғанын жарыса жазған еді. Бұған азаматтардан түскен арыздар себеп болған.

Айта кетелік, мұндай қатаң шараға солшыл радикалдардың Стамбұлдағы сот ғимаратына шабуыл жасауы себеп болыпты. Олар прокурор Мехмет Селим Киразды тұтқынға алды. Арнайы операциядан кейін босталғанымен, кейін прокурор ауруханада көз жұмды.

Кейбір мәліметтерге сүйенсек, әлеуметтік желілердің жабылуына терроршылардың прокурорға қару тақап түскен фотосуретінің ғаламторда кең жариялануы түрткі болған. Былтыр да Түркия билігі әлеуметтік желілердің қызметін шектеген болатын.

Сол кезде ел үкіметін басқарған Реджеп Тайып Ердоған: «Туиттер мен әлеуметтік желілердің адамның жеке өміріне кірігіп, мемлекеттік құпияларды әшкерелеп, дүниежүзіне таратады» деп, оны қолданушыларды тәртіпке үндеген.

Еркін КАРИН