Шетел жаңалықтары. «Иранның
мұнай-газ саласын қаржыландыру үшін 200 млрд доллар қажет». Бұл жайында елдің
мұнай министрлігіне сілтеме жасап, Блумберг агенттігі жазады. Онда «Иран билігі
миллиардтаған долларды қажет ететін мұнай өнеркәсібін қайта қалпына келтіру
үшін бәріне дайын. Тіпті, сырттан инцвестиция тарту мақсатында, шетелдік
компаниялардың өзіне қолайлы еңбек жағдайын ұсынуға әзір», - дейді. Қолайлы
жұмыс жағдайына арналған жаңа құжат «Иран мұнай келісім-шарты» деп аталады. Бұл
құжатты мұнай компанияларының магнаттары қолдап отыр. Сондай-ақ, оның тиімді
болатынына сарапшылар да сенеді. Олар «көрші Ирак пен Алжирге қарағанда
комерциялық тұрғыдан Иранның бастамасы жемісті болады», - дейді. Алайда билік
өкілдері «Иранның мұнай келісім-шартын» ресми түрде жариялаған жоқ.
Данияр ӘЛІМҚҰЛОВ