Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Ұлы мұғалім шабыттандырады! Ұстаздар күніне орай бірер сөз

AstanaTV
06.10.2018ж. 20:00
8998
Ұлы мұғалім шабыттандырады! Ұстаздар күніне орай бірер сөз

«Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ал ұлы мұғалім шабыттандырады», деген тамаша тәмсіл бар. Ертең, қазан айының алғашқы жексенбісі – мұғалім күні. Қолға алғаш қалам ұстатып, әріп танытқан ардақты жанға небір асыл сөз, әдемі теңеуді арнауға болады. Әлі күнге осы мамандықтың зейнетінен бейнеті басым. Тіпті уақыт өткен сайын оларға жүктелер жауапкершілік жүгі ауырлап келеді. Мың рет айтылды - мектептен тыс қоғамдық жұмыстардың дәл осы ұстаздар қауымына жүктелетіні ашындырады. Ал кез-келген елдің дамуы мен бәсекеге қабілетті болуы ең алдымен мектептен басталатынын бәріміз білеміз. Дегенмен күнделікті тұрмыс түйткілінің ығында кетпей, заман сұранысына сай болуы үшін қазіргі мұғалім қандай болуы керек?

Жұпар АБДОЛЛАҚЫЗЫ, ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ҰСТАЗ:

Мұғалім біріншіден, шыдамды болуы керек, төзімді болуы керек. Бұрында мұғалімнің беделі өте жоғары болды. Мұғалімді біз алыстан көрсек, қашып жүретінбіз, шыны керек. Ол енді қорыққандық емес, сыйлағандық деп ойлаймын. Қазіргі кезде сондай дәрежеге жету үшін мұғалімнің оқушыға деген сүйіспеншілігі жоғары болуы керек. Шынайы болуы керек, мейірімді болуы керек. 

Жұпар Абдоллақызы Орал қаласындағы гимназиялардың бірінде математика пәнінен сабақ береді. Өмірінің отыз жылын мұғалімдікке арнаған жан - қазір жоғары санатты ұстаз. Әріптестері оның әр сабағын жоғары деңгейде өткізетінін айтады. Балалы үйдің ұрлығы жатпайды деген... Оқушылары «апайымыздың мінезі жұмсақ, ұрыспайды», - деп мақтады. Ал ұлтқа қызмет ету - мінезден. Мұны ана ғасырда Әлихан атамыз айтып кеткен. Сондықтан баламыз білімді, һәм оқығанын бойына тоқыған саналы болсын десек, мектеп пен мұғалім және ата-ана үштігі тең деңгейде, бір-біріне міндет қылмай, ынтымақтаса жұмыс істеуі тиіс. Әйтпесе әр үйдің әлпештеген еркесі мен оны өбектеген әке-шешесі небір жайдары жібек мінезді түтіп жіберері анық.

Жұлдыз СЕЙІТОВА, ОРАЛ ҚАЛАСЫ №42 «АҚ НИЕТ» ГИМНАЗИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Әлеуметтік жағынан да, әлеуеті жағынан да жоғары отбасылар балаларын жоғары ұстағысы келеді. Сол талапты мектептерден сұрайды. Осы жағынан ата-аналармен қиындықтар кездесіп жатады...