Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Израильде Премьер-министрдің жұбайы сотталып жатыр

AstanaTV
08.10.2018ж. 20:00
2143
Израильде Премьер-министрдің жұбайы сотталып жатыр

Бұл уақытта Израильде Премьер-министрдің жұбайы Сара Нетаньяху сотталып жатыр. Ол Үкіметте аста-төк дастархан жайып, оған 100 мың доллар жұмсады деп айыпталады. Үкімет басшының резиденциясында тұрақты азпаз бар. Десе де Нетаньяхудың әйелі бюджет есебінен сырттан түрлі тағамдар, қымбат сусын, оның ішінде қызғылт шампанға молынан тапсырыс берген. Сара Нетаньяху Иерусалимдегі сотқа өзі келді. Бірақ, журналистерге ләм-мим демеді. Келесі сот 13 қазанда өтпек. Нетаньяхудың жұбайы барлық айыпты жоққа шығарып, оларды «негізсіз» деп санайды. Еске салайық, сот 2016 жылы Сара ханымға қызметкерлердің бірін басынғаны үшін 42 мың доллар айыппұл төлеткен. Егер, осы жолы кінәсі дәлелденсе, ол бес жылға сотталады.  

Д. Сапарқызы