Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

БжЗҚ 300 миллиард теңгесі екінші деңгейлі банктерге аударылады

AstanaTV
11.10.2018ж. 20:00
2565
БжЗҚ 300 миллиард теңгесі екінші деңгейлі банктерге аударылады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 300 миллиард теңгесі екінші дейгейлі банктерге аударылады. Бұл туралы Парламент қабырғасында Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты. Бұған дейін Президент халыққа жолдауында ірі жобаларды қаржыландыру үшін екінші деңгейлі банктерге 600 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Жартысы зейнетақы қорынан бөлінсе, қалғанын Ұлттық банк аударады. Ал, қандай қаржы институтына, қанша көлемде ақша бөлінетінін Ұлттық банк анықтайды.  

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІ: 

Қазір біз қаражаттың экономикамыз үшін басым бағыттағы жобаларға жұмсалып, мақсатты пайдаланылуын бақылау тетігін қарастыруымыз керек. Ал, Зейнетақы қорының қаржысы табыс әкелу үшін инвестициялануы тиіс. Ол өз экономикамызға нарықтық мөлшерлемемен құйылады. Сондықтан, бұл қалыпты жағдай.

Г. Меңдеева