Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Атырауда жер үй тұрғындары қыста жылусыз қалуы мүмкін

AstanaTV
11.10.2018ж. 20:00
3019
Атырауда жер үй тұрғындары қыста жылусыз қалуы мүмкін

Атыраулықтар өз күштерімен салған баспанасына кіре алмай жүр. Себебі, жер үйлер орналасқан ықшамауданға газ желісі тартылып бітер емес. Тұрғындар жер телімдерін кезекке тұрып алған. Бірақ, дер кезінде тартылмаған инфрақұрылым, қоныстануға кесірін тигізіп отыр. Ал, әкімдік пен мердігер компания әдеттегідей құрғақ уәде берумен келеді.  

Әкімдіктің табалдырығын тоздырып жүргендердің бірі-Артур Өтепов. Пәтері мен көлігін сатып, өзі үй тұрғызған. Бірақ, оған кіре алмай жүр. Биыл «Самалға» инфрақұрылым тартылады дегенге сеніп қалса керек. Жер телімін 15 кезекте тұрып алған. Айтуынша, мердігер «Атырау көлік» мекемесі жаз бойы «шөп басын сындырмаған». 

Артур ӨТЕПОВ,САМАЛ ЫҚШАМАУДАНЫ ТҰРҒЫНЫ: 

Айқай-шудан кейін күні кеше бастады. Кеше әкиматқа барамыз, Ноғаевқа барамыз деген соң вид создовать етіп бәрі жүрді келіп трактор алып келіп, бастайды. Опровержение береді. Бітті сосын.

Күнсұлу СҰЛТАНОВА, САМАЛ ЫҚШАМАУДАНЫ ТҰРҒЫНЫ: 

Үйімізді салдық. Ішінде отырмыз. Газ жоқ. Таңертең тұрғанда балаларға салқын ішінде отырмыз қайда барамыз қазір қыс боп қалған кезде. Біреміз береміз деп мына күні береміз дейді бір апта өтеді, бір апта өтеді жоқ. Міне береміз дейді. Жоқ. 3-4 ай өтті.

Ашуға булыққандар осылайша әкімдікке жиналды. Нұрлан Таубаевтың айтуынша «Самал»-ға инфрақұрылым: су, газ, жарық пен жол тартуды «Атырау көлік» компаниясы мойнына алған. Тендерден ұтып алыпты. Жобаға сәйкес биыл шілдеде аяқтауы тиіс-тін. Жобаға 3 млрд теңге бөлінген, оның 180 млн тенгесі газ жеткізуге арналған. Бірақ, қомақты қаржатты қалтаға басқан компанияны әкімдік сот беріпті.  

Нұрлан ТАУБАЕВ, АТЫРАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Жауапсыз мердігер компанияның ісін сотқа бердік, сот шара қолданатын болады. Бірақ, оған қарамастан «Газ аймақ» мекемесімен бірлесіп, «Самал» ақшамауданы тұрғындарына 15 қазанға дейін газ қосатын боламыз. Мердігер компания басшылығының айтуынша, тұрғындар құбыр жүргіземіз, септик қазамыз деп газ құбырын тесіп тастаған. Қазір тұрғындарға газ беру үшін барлық шараны қолданып жатырмыз.

Таубаевтың таудай уәдесіне тұрғындар сенбейді. Сондықтан, дүйсенбі күні «тарихи сәтке» куә болуға, әкім орынбасарын шақырды. 

Б. Надирқызы