Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ауылдық ҮЕҰ-ға грант 5 миллион теңгеге өседі

AstanaTV
25.10.2018ж. 20:00
2811
Ауылдық ҮЕҰ-ға грант 5 миллион теңгеге өседі

Ауыл-аймақтардағы Үкіметтік емес ұйымдарға бөлінетін грант көлемі 5-7 миллион теңгеге дейін өсуі мүмкін. Бұл туралы Қоғамдық даму министрінің орынбасары Сергей Коновалов мәлімдеді. Минитсрлік қоғам белсенділері ауылдарда бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешеді деп сенеді. Тек бұған мемлекеттен қолдау қажет.  

Ауылдарда 600 дей үкіметтік емес ұйым бар. Олардың санын бұдан да көбейту керек,-дейді Азаматтық Альянс басшысы. Өйткені, қоғамдық ұйымдар ауыл тұрғындарының әлеуметтік проблемаларын шешуге айтарлықтай ат салысады. Мысалы, мүгедектер, зейнеткерлер, ардагерлер немесе қарапайым азаматтар олардың көмегіне жиі жүгінеді.  

Асылбек ҚОЖАХМЕТОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:   

Мемлекеттік бағдарламалармен қамтылмаған ұсақ мәселелер көп. Сондықтан, кейбір жағдайларда тұрғындардың пікірі ескеріле бермейді. Мұндайда бірауыздан берілген дауыс ұтымды.       

Қоғамдық даму министрлігі ауылдағы ұйымдарға қолдауды қаржыландыру көлемін өсіруден бастамақшы. Мәселен, қазіргі таңда оларға берілетін кіші грант мөлшері екі миллион теңге болса, ол 5-7 миллионға дейін көбейтілуі мүмкін. Мамандар бастысы оны рәсімдеу созбаққа салынбаса,-дейді.  

Сергей КОНОВАЛОВ, ҚР ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Бізге конкурстық рәсім жүйесін реттеу керек. Ақша алудағы кедергілерді жойған жөн. Өйткені, ауылдық ҮЕҰ-дар Астанаға қайта-қайта келе алмайды. Жеңілдетуіміз керек. Қазір технология заманы. Олар алыстан ат терлетпей-ақ өз шаруашылықтарында отырып тіркеліп, гранттар алуы керек. Мұның барлығы электрондық форматта болады.   

Үкіметтік емес ұйым өкілдері де мемлекеттік қолдау керек дейді. Қаржы бөлу артса, ауылдарда білім беру, оңалту орталықтарын ашпақ.  

Нина КИМ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ, ҚАРАБҰЛАҚ АУЫЛЫНДАҒЫ ҮЕҰ ЖЕТЕКШІСІ:    

Мысалы, менің ұйымымның жанында денсаулық тобы жұмыс істейді. Онда мүгедектер мен егде жастағылар спортпен шұғылдады. Бірақ, бізде арнайы зал жоқ. Оған қоса жаттығу құралдары да жетіспейді.   

Дегенмен , ауылдағы ҮЕҰ-н қаржыландыру көлемі қашан артатыны белгісіз. Бұл мәселе қоғамдық даму министрлігінде егжей-тегжейлі қаралмақ. Ал, қоғамдық ұйымдар ауыл билігімен байланысты нығайтуды қолға алуы керек.  

Ғ. Қылышбаева