Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Индонезияда апатқа ұшыраған ұшақта болған 10 адамның мәйіті табылды

AstanaTV
30.10.2018ж. 20:00
3095
Индонезияда апатқа ұшыраған ұшақта болған 10 адамның мәйіті табылды

Индонезияда ұшақ апатына ұшыраған 10 адамның мәйіті табылды. Сонымен қатар, басқа жолауашылардың табылған дене фрагменттері 14 қапты құраған. Барлығы мәйітханаға жіберілді. Жолаушылардың денелері теңіздің 30-35 метр тереңдігінен табылған. Құтқарушылардың бұл ақпаратына қарамастан бортта болған жолаушылардың туыстары үміттерін үзбек емес. Олар ауруханалар мен әуежайда ұйымдастырылған дағдарыс орталықтарында жиналып, құтқарушылар ғажайып хабар жеткізеді деп сенеді.   

Харис КИСВАНТО, ЖОЛАУШЫНЫҢ ТУЫСЫ: 

Менің ағам Бамбан Розали Усман осы ұшақта болған. Дегенмен, біз оның тірі екеніне сенеміз. Бәлкім оны жағажайға су шығарып тастаған болар.  

Сугихарто ФОНГ, ЖОЛАУШЫНЫҢ ТУЫСЫ:  

Бәрі Құдайдың қолында, біз қазір ештеңе істей алмаймыз. Біз қарындасымыздың сүйегін құтқарушылар жақын арада табады деп үміттенеміз. Біз іздеу отрядтары, полиция оны табады деп үміттенеміз. Біз дұға жасауды жалғастырамыз. 

Айта кетейік, ұшақта 189 адам болған. Оның 3-еуі бала, 7-еуі экспиаж мүшесі болатын. Апат себебіне қатысты болжам айтылған жоқ. Әзірге қара жәшік табылмаған.