Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Жаңа дәрілік препараттар сынақтан еріктілер арқылы өткізіледі

AstanaTV
07.11.2018ж. 20:00
3489
Жаңа дәрілік препараттар сынақтан еріктілер арқылы өткізіледі

Бұдан былай жаңа дәрілік препараттар сынақтан еріктілер арқылы өткізіледі. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Сондай ақ, енді әр медициналық университеттің өз клиникасы болады. Жаңа талаптар «Денсаулық сақтау мәселелері» бойынша заң жобасына еніп отыр. Толығырақ Абай Сейфулла тарқатады.  

Абай СЕЙФУЛЛА, ТІЛШІ: 

Елжан Біртанов дәрілер нарыққа шықпастан бұрын алдымен жануарлар, содан соң ерікті адамдар арқылы сынақтан өтетінін айтты. Қазіргі уақытта бұл тәжірибеден балалар, жүкті әйелдер мен әскери қызметкерлер сияқты бірнеше санаттағы адамдар шеттетілген. Жаңа заң жобасы қабылданса, дәріні тексеруге барлығы бірдей тартылады. Әрине, сынаққа қатысу әркімнің өз еркінде. Министр осы қадам арқылы ел нарығына, тіпті онкологиялық ауруларға қарсы препараттарды кіргізе аламыз деп отыр.

Елжан БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:  

Бұл норманы негізінен емделуі қиын сырқат түрлері үшін қостық. Сондықтан, бәріне мүмкіндік беруіміз керек. Мысалы, кішкентай балаға басқа емес, бала арқылы сыналған препаратты қолдану қажет. Осы мәселе үшін қазір біз рұқсат сұрап отырмыз. Сынақ ерікті түрде жүзеге асырылатындықтан қорқатын дәнеме жоқ.

Заң жобасындағы тағы бір маңызды мәселе- медициналық жоғары оқу орындары жанынан клиника құру. Қазір білім беру мекемесіне қарасты мұндай ғылыми-емдік орталық Назарбаев университетінде бар. Басқа да оқу орындарында болашақ дәрігерлердің тәжірибе жүзінде білімдерін жетілдіру үшін өз клиникаларының болғаны аса маңызды. Осы орайда министрлік Қарағанды медициналық университетінің қарауына қаладағы екі емхананы өткізіп бермек.  

Елжан БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:  

Қазіргі күнде біз Үкімет қаулысымен бірнеше ғылыми институттарды сол университетке тапсырып жатырмыз. Мысалы, Алматы қаласындағы онкологиялық, педиатриялық, хирургиялық, басқа да бес ғылыми зерттеу институттарды университет құрамына кіргізіп соған қарайтын болады, бірге жұмыс істейді.  

Ал, Мәжіліс спикері медициналық препараттарды тексеріп, қолданысқа ұсынатын ғылыми орталықтардың жауапкершілігін қатаңдату керек деді. Нұрлан Нығматулин фарм компаниялар мен дәрігерлер арасында баланыс дегенді меңзеді. 

Пустышки выпускают, к ним вот такой перечень заболеваний. И бедных наших пациентов начинают которые приходят в медицинское учреждение. Врачи которые связаны с этими фармокологическими компаниями... Кто принимает решение по тому или иному препарату... Кто ее возглавляет? 

- Вице-министр здоровохранения

- Понятно. Вот это очень важно ...

Абай СЕЙФУЛЛА, ТІЛШІ: 

Осылайша, спикер сенімсіз препараттардың көбейіп кеткенін айтып, арнайы комиссияның дұрыс жұмыс істеуін қадағалауды өтінді. Түптен келгенде нарықтағы дәрі-дәрмекті қарапайым халық тұтынады. Біраз сын айтылғанымен заң жобасы бірінші оқылымда бірауыздан мақұлданды.

А. Сейфулла