Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қызылжарлық диқандар Булаев элеваторынан бидайды шығара бастады

AstanaTV
30.11.2018ж. 20:00
2203
Қызылжарлық диқандар Булаев элеваторынан бидайды шығара бастады

Қызылжарлық диқандар Булаев элеваторынан бидайды шығара бастады. Бұл жайында біздің арна тілшілеріне «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері хабарлады. Қамбаларды босатуға Қазақстанның Инвестициялық қоры рұқсат берген. Бидай сақтау кәсіпорнында шикізаттың 48 мың тоннасы бар.  

Айдос КЕНБЕИЛОВ, «АТАМЕКЕН» ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: 

Қазақстанның инвестициялық қорымен жүргізілген келіссөздердің арқасында астықты шығаруға қатысты шектеулер алынды. Элеваторда 45 шаруаның бидайы жатты. Олар шикізатты бүгін шығара бастады.

Бірнеше күн бұрын теріскейлік диқандар элеваторда сақтаулы тұрған бидайларын шығара алмай жатқандарын айтып шағымданған болатын. Кейін төрт элеватор Қазақстанның Инвестициялық қорының алдында 110 миллиард теңге көлемінде берешек болып қалғаны анықталды. Қор оларды меншігіне алғандықтан, жұмысы тоқтатылған.  

А. Құрманкин