Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Құрамынан сынап табылған балалар қоспасы сатылмайды

AstanaTV
06.12.2018ж. 20:00
3204
Құрамынан сынап табылған балалар қоспасы сатылмайды

Шымкентте құрамында сынап болуы мүмкін балалар қоспасын сатуға тыйым салынды. Бұған жасанды сүттен бөгде зат шықты деп шулатқан ата-аналардың арызы түрткі болып отыр. Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Германияда шығарылған қоспаның құрамын талдауға зертханаға жіберді. Биыл Шымкентте құрғақ қоспалардың 58 түрі зерттелген. Оның ішінде осы өнім де бар. «Ол кезде бәрі талапқа сай болды»,-дейді бас санитар.  

Жандарбек БЕКШИН, ҚР ДСМ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Сауда орталықтары мен дәріханаларда «Humana» балалар тағамы қоспасын біз сараптамаға алдық. 3-4 күн арасында нәтижесін алғаннан кейін түсінікті болады. Қазіргі таңда «Humana» қоспасын сату мен таратуды тоқтаттық.

Еске салайық, күні кеше Шымкентте екі айлық нәресте ағзасынан көп мөлшерде сынап табылды. Ата-анасы қауіпті зат сәби ішіне қоспаны қабылдаған соң түскен дейді. Бала әлсіреп, тоқтаусыз құса берген соң ауруханаға түседі. Сәби жөргегін ауыстырған анасы нәжіс арасынан сынаптардың домаланып шашырай төгілгенін көрген. Сондай-ақ, олар үйдегі қораптан да сұйық метал бөлшектері табылды деп отыр.   

А. Бектас